БҰҰ наурыздың 21-ін Халықаралық Наурыз күні деп жариялады

АЛМАТЫ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ - Ақпанның 23-інде Әзірбайжан мемлекеті, Ауғанстан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Албания, Македония және Үндістанның қолдау көрсетуімен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясында «Халықаралық Наурыз күні» резолюциясының жобасы таныстырылды,

БҰҰ  наурыздың 21-ін Халықаралық Наурыз күні деп жариялады

деп хабарлайды ҚазАқпарат Әзірбайжанның БҰҰ-дағы Тұрақты өкілдігі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Осының нәтижесінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарын бірауыздан қабылдады. Осы құжатқа сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды және осы ежелгі мейрам туралы ақпараттарды кеңінен тарату үшін БҰҰ-ға мүше елдерге атсалысуға үндеу тасталды.

Елімізде Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі.
Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағына береді. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.