БҰҰ-ның Арнайы баяндамашысы Қазақстанда бас бостандығынан айырылғандарды қамауда ұстау жағдайына оң баға берді

АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстанда бас бостандығынан айырылғандарды қамауда ұстау жағдайына оң баға берілді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен «2009 жылғы мамырдың 5-13-і аралығында Қазақстандағы миссиясының нәтижесі бойынша азаптау мәселесі тұрғысында БҰҰ Арнайы баяндамашысының ұсынысын және БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитетінің ұсыныстарын орындау» атты дөңгелек үстелдің жұмысын қорындылау кезінде БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Манфред Новак айтты.
None
None

«Атап айтқанда бұл саладағы көптеген ұсыныстар жүзеге асырылып тиісті шаралар атқарылды. Яғни соңғы жылдары айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді десек қателеспейміз»,-деп атап өтті ол. Осы орайда М. Новак бас бостандығынан айрылғандарды тиісті қажеттіліктермен қамтамасыз етудегі жағдай, сондай-ақ бұл саладағы басқа ахуалдар айтарлықтай жақсарғанын жеткізді. «Істелген жұмыстар көп, бірақ та бұл бағытта ілгерілеу шараларын жалғастыру мүмкіндіктері әлі де бар»,-деді Арнайы баяндамашы.

«Азаптаулар бойынша Арнайы баяндамашы мандаты осы ағымдағы айдың аяғында тоқтайды. Мен өз мандатым бойынша жұмыстың соңғы айын атқарып жатырмын. Алайда, бұдан кейінгі уақытта да Қазақстанға келіп өз тәжірибиеммен бөлісіп, көмегімді тигізуге әзірмін»,-деді ол сөз соңында.

М. Новак 2004 жылы желтоқсанда БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комиссиясымен Арнайы баяндамашы болып бекітілді. Арнайы баяндамашы қандай да бір үкіметтен тәуелсіз және ол өз қызметін өзінің мандатына сәйкес атқарады.

Соңғы жаңалықтар