БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы жеткілікті тұрғын үй құқығын жүзеге асыруға Қазақстан Үкіметінің әзірлігін атап көрсетті

БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы қыркүйектің 6-сы мен 13-і аралығында Қазақстанға сапар жасады. Оның сапарының мақсаты - еліміздегі жеткілікті тұрғын үй құқығы мен онымен байланысты басқа құқықтардың жүзеге асырылу жағдайына баға беру және сол туралы баяндама жасау.
Р. Рольник ханым өз баяндамасында, әлемдік экономика мен қаржылық дағдарыстың жеткілікті тұрғын үй құқығын жүзеге асыруға тигізген әсеріне баға берді. Ол сондай-ақ, әлеуметтік тұрғыдан ең әлсіз азаматтарды, дәлірек айтқанда кірісі төмен отбасыларды, мигранттар мен аз ұлт өкілдерін қаржы дағдарысының теріс салдарларынан қорғау жөніндегі Үкімет тарапынан қабылданған шараларға талдау жүргізді.
«2007 жылғы қаржы дағдарысы халықтың әлеуметтік тұрғыдан ең осал топтарына жеткілікті баспанаға деген құқықтарын жүзеге асыруға теріс әсерін тигізді. Халықтың жеткілікті тұрғын үйге деген құқықтарын тиімді жүзеге асыруға тигізген қаржы дағдарысының әсерін жұмсарту мақсатында республика Үкіметі қабылдаған іс-шараларды айтпай кете алмайды. Атап айтқанда, Үкімет құрылыстары тоқтап қалған үйлерді аяқтау мақсатында ұлттық қор құрды. Сондай-ақ, азаматтардың ипотекалық несиелерін қайта қаржыландырылуын қамтамасыз ету туралы банктермен келіссөздер жүргізді, басқа да шаралар қабылдады. Осы саладағы мәселені шешуде Үкімет үлкен белсенділік танытты», деп атап көрсетті Р. Рольник ханым.
Сапар барысында жинаған мәліметтердің негізінде Рольник ханым, 2011 жылдың наурыз айында БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне таныстыратын баяндама әзірлейді.