БҰҰ-ның Азық-түлік бағдарламасының басшысы Қырғызстан басшылығына қолдау және көмек көрсетуге уәде берді

БІШКЕК. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 65-ші сессиясының мәжілісіне қатысып жатқан Қырғызстан Президенті Роза Отынбаева, сапар барысында БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы бағдарламасының бас директор Жак Диуфпен кездесті.
None
None

БҰҰ бағдарламасының басшысы Роза Отынбаевамен кездескеніне қуанышты екенін айта келе, ашқұрсақ халықтың санын азайту және адамдарды таза ауызсумен қамтамасыз ету жөніндегі маңызды күш-жігерлері үшін Қырғызстан басшылығына алғысын білдірді.

Жак Диуф, Қырғызстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор маңыз беріп отырғанын және сәйкес индикаторлар бойынша жоғары көрсеткіштер көрсетіп отырғанын атап көрсетті. БҰҰ бағдарламасының басшысы сондай-ақ, әлемдегі дағдарысқа қарамастан, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешудегі жетістіктері үшін қырғыз тарабына ризашылығын жеткізді.

Роза Отынбаева өз сөзінде, Қырғызстан ауыл шаруашылығымен айналысатын ел екенін және жедел урбанизациялануға қарамастан, ел халқының 60 пайызы ауылдық жерде тұратынын, ауыл шаруашылығы ел экономикасы үшін басымдықты мәнге ие екенін атап көрсетті. «Ауыл шаруашылығындағы оң өзгерістер, біз қалағандай, жеткілікті жедел жүріп жатқан жоқ. Осыған байланысты біздің еліміз БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шарушылығы бағдарламасымен ынтымақтастыққа мүдделі, оның ішінде елімізде өндірілетін өнімдерді өткізудің халықаралық нарықтарына шығу мәселесі де біз үшін маңызды», деді Қырғыз Президенті өз сөзінде.

Диалог барысында тараптар, Қырғызстан мен БҰҰ ынтымақтастығы кеңеюге және дамуға мұқтаж екенін атап өтті. Жак Диуф, Қырғыз Республикасының БҰҰ бағдарламасы тарапынан әрқашан қолдау мен көмек күте алатынын айтты.

Кездесудің қорытындысы бойынша Қырғызстан фермерлеріне тұқымдықтар қорын жақсарту, тыңайтқыштармен қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру мен өңдеудің алдыңды қатарлы әдістеріне үйрету мәселелері бойынша Қырғызстанның Ауыл шаруашылығы мен БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы бағдарламасы арасындағы өзара іс-қимылдың деңгейін көтеру жөніндегі нақты қадамдар бойынша келісімдерге қол жеткзілді.

Соңғы жаңалықтар