БҰҰ-ның Бас хатшысы Қазақстанның Сыртқы істер министрімен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пан Ги Мун БҰҰ-ның Бас хатшысы ретінде соңғы жұмыс күнін аяқтады. Бірақ ол өз еліне, яғни Оңтүстік Кореяға тек келесі жылы оралмақ. Өйткені бүгін Пан Ги Мун Нью-Йорк орталығындағы кристал шардың ашылу салтанатына қатысады, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.
Осы ретте саясаткер ұйым қызметкерлері мен дипломатиялық өкілдіктердің уәкілдерімен қоштасып, алғысын білдірді. Бұған дейін Бас хатшы Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен де кездескен еді. Ол министрді жаңа қызметімен құттықтап, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қосқан үлесін жоғары бағалады. Өз кезегінде министр бұрынғы басшыны ЕХРО-2017 көрмесіне шақырды.