БҰҰ-ның Бас хатшысы Кот-д'Ивуардағы лаңкестік әрекеттерді сынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун жексенбі күні Кот-д'Ивуар қаласы Гран-Бассамда жасалған лаңкестік әрекеттерге сын айтты. Өзінің жазбаша мәлімдемесінде ол «құрбандардың отбасыларына, сондай-ақ Кот-д'Ивуар халқы мен үкіметіне» көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты.
None
None

Пан Ги Мун сондай-ақ БҰҰ-ның Африка елдерінің тұрғындары мен оның билігі «бұл қылмыстарға кінәлілерді әділ сотқа тартуға күш салуына» қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Жексенбіде Кот-д'Ивуардың теңіз маңындағы Гран-Бассам қаласында алты содырдан тұратын топ бірнеше ғимаратқа, соның ішінде Etoile du Sud қонақүйі, сондай-ақ оның қасында орналасқан мейрамханалар мен дәмханаларға шабуыл жасады.

Бұл шабуыл салдарынан 14 азамат пен күш құрылымдарының екі қызметкері қаза тапты. Франция билігінің мәліметтерінше, қаза тапқандардың арасында кем дегенде бір француз бар.

Соңғы жаңалықтар