БҰҰ-ның бюджеті 285 миллион долларға қысқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымының бюджеті бұған дейінгі екіжылдық көрсеткішпен салыстырғанда, 285 миллион долларға қысқартылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Ұйымның жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.
None
None

Бас Ассамблеяның мүшелері бұл шешімді бірауыздан қабылдаған. Алдағы екі жылға арнап мүше мемлекеттер ұйымға 5,4 млрд доллар бөлген. Бұл ұйымның Бас хатшысы Антонио Гутерриш сұраған сомадан аздау.

АҚШ елшісі Никки Хейлидің айтуынша, ұйым бюджетінің қысқартылуына Америка делегациясының ықпалы болған.

«Бұл БҰҰ жұмысының тиімділігі мен есептілігін арттыруға бағытталған тарихи маңызы бар қадам болмақ. Жаңа бюджет жөніндегі келіссөздердің нәтижелеріне біздің көңіліміз толады. Айта кетейін, біз БҰҰ тиімділігін арттыру және өз мүдделерімізді қорғау мүмкіндіктерін іздеуді жалғастырамыз», - деп мәлімдеді тұрақты уәкіл.

Еске сала кетсек, Бас хатшы ұсынған жаңа бюджеттің жобасында шығындарды 200 млн долларға қысқарту көзделген болатын. 

Соңғы жаңалықтар