БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Мысырдағы ахуал бойынша жабық есік жағдайында кеңес өткізді

АСТАНА. 16 тамыз. ҚазАқпарат - Кеше БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі соңғы күндері жағдайдың тұрақсыздануына байланысты төтенше жағдай енгізілген Мысыр елі бойынша жабық есік жағдайындағы кезектен тыс кеңес өткізді.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Мысырдағы ахуал бойынша жабық есік жағдайында кеңес өткізді

Кеңесті мемлекеттегі ахуал жөнінде дүниежүзілік ұйымның бас хатшысының орынбасары Ян Элиассон таныстырды. Бұл туралы Ресей Жаңалықтар агенттігі хабарлады.

«Кездесу нәтижесі бойынша ешбір мәлімдемелер, шешімдер мен қарарлар күтілмейді. Кеңестің шұғыл отырысын өткізу бастамасын Ұлыбритания, Франция және Австралия елдері көтерді», деп жазады ресейлік агенттік.