БҰҰ-ның қызметкері із-түзсіз жоғалып кетті

«Бізге әзірге белгілісі - БҰҰ-ның бір қызметкері жоғалып кеткені. Қазір біз оны жұмыла іздеудеудеміз», - деді БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Мартин Несирки. Оның айтуынша, жоғалған адамның қай кезде, қай жерде жоқ болып кеткені де белгісіз.
"Аль-Маядин" телеарнасының хабарлауынша, БҰҰ Балалар қорының қызметкерін Иеменнің астанасы Санеде белгісіз біреулер алып кеткен. Қолда бар мәліметтерге қарағанда, содырлар оған көлігімен әуежайға бара жатқан жолында бас салған.
Аталған арнаның мәліметінше, ұрланған адам батысафрикалық Сьерра-Леоне Республикасының тумасы.
Бұл оқиғаға дейін, 6 қазанда, шетелдік БАҚ-тар йемендік содырлардың сол елдегі Германияның елшісі Карол Мюллер-Холькемперді тонамақ болған деп хабарлады. Шабуылдың нәтижесінде елшінің оққағары қаза болды.
Бұл елдегі тайпалар үшін шеделдік азаматтарды тонау үкіметпен байланыс орнатудың ең тиімді тәсілі болып саналады. Соңғы жиырма жылда Йеменде 200-ден аса шетелдік азамат ұрланды.