07:42, 18 Қыркүйек 2017 | GMT +5
БҰҰ-ның Орталық Азиядағы өңірлік орталығына жетекші тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Молдованың бұрынғы вице-премьері және Сыртқы істер министрі Наталья Германды БҰҰ-ның Орталық Азия үшін превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының жетекшісі етіп тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл орталықты бұған дейін болгариялық Петко Драганов басқарған.
Наталья Герман 25 жылдық дипломатиялық қызметі барысында өз елінде жоғары лауазымдарда істеген. Ол Аустрия және Скандинав аралдарындағы елші, БҰҰ-ның Венадағы бөлімшесінде Молдова өкілі болған, деп хабарлайды халықаралық ұйымның сайты .
Сонымен қатар, оны БҰҰ Бас хатшылығының үміткерлігіне де ұсынған.
БҰҰ-ның Орталық Азия үшін превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталығы 2007 жылы Ашхабадта ашылған. Оның міндеті диалог пен келіссөздер арқылы өңірдегі бірқатар өзекті мәселелердің шешімін табу.