БҰҰ-ның Жеткілікті баспана мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Р. Рольниктің Қазақстанға сапары басталды

АСТАНА. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін БҰҰ-ның Жеткілікті баспана мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Ракель Рольниктің Қазақстанға сапары басталды.
None
None

Бұл туралы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров айтты.

Оның айтуынша, бір аптаға созылатын сапар барысында Р. Рольник еліміздің мемлекеттік органдарының басшыларымен екі жақты кездесулер өткізеді. Онда Қазақстанда баспанаға қол жетімділік мәселелері, сондай-ақ адам құқығы саласына қатысты мәселелер талқыланатын болады. «Аталмыш сапар Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі кеңестің бүкіл арнайы процедуралары атына жолданатын тұрақты шақыруы негізінде өткізіліп отыр. Бұл шақыру мемлекетіміздің адам құқықтары саласындағы ашық және сындарлы ынтымақтастыққа мүдделілігін көрсетеді», деді І. Омаров.

Соңғы жаңалықтар