БҰҰ өңірлік орталығының басшысы Қазақстанға келеді
«2-3 ақпан аралығында Наталья Герман Орталық Азия үшін Превентивті дипломатиясы жөніндегі БҰҰ өңірлік орталығының басшысы ретіндегі миссиясының аяқталуына және БҰҰ Терроризмге қарсы күрес комитетінің атқарушы директоратының атқарушы директоры лауазымына тағайындалуына байланысты Орталық Азия елдері бойынша қоштасу туры шеңберінде Қазақстанға келеді. Астанада ҚР СІМ басшылығымен кездесулер жоспарлануда», - деп мәлім етті Айбек Смадияров.
Оның айтуынша, келіссөз барысында БҰҰ шеңберіндегі өңірлік ынтымақтастық мәселелері талқыланбақ.
«Тараптар Орталық Азия елдері мен БҰҰ Өңірлік орталығы арасында қалыптасқан көпжылдық әріптестік пен сенімге негізделген БҰҰ шеңберіндегі өңірлік ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ Орталық Азия өңірінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін профилактикалық дипломатия құралдарын дамыту мен нығайтуды талқылауды жоспарлап отыр», - деп түйіндеді ведомствоның ресми өкілі.
Фото: ITAR-TASS/ Zurab Dzhavakhadze