БҰҰ Орталықафрикалық елдегі «мегадағдарыс» жайында ескертті

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі басқарманың қызметкері Джон Джинг халықаралық қоғамдастықты Орталықафрикалық Республикадағы «мегадағдарысты» еңсеруге үлкен күш-жігер салуға шақырды.

БҰҰ Орталықафрикалық елдегі «мегадағдарыс» жайында ескертті

Аталған елдің астанасы Бангидегі халықты үрей жайлап, миллион адам қоныс аударуға мәжбүр болған, сондай-ақ ондағы халыққа бүгінде азық-түлік пен баспана және медициналық көмек жетіспей жатыр.

Абырой болғанда, соңғы күндері Орталық Африка елінде мұсылмандар мен христиандар арасындағы қақтығыстар бәсеңсіп келеді.