БҰҰ Палестинаның ұйымға мүшелікке өтінішін 28 қыркүйекте қарайды

АСТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Палестинаның ұйымға мүшелікке өтінімін 2011 жылғы 28 қыркүйекте қарауды жалғастырады, деп мәлім етті Қауіпсіздік Кеңесінің президенті Нафав Салам.
None
None

Бұл туралы РБК агенттігі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, 23 қыркүйекте Палестина автономиясының басшысы Махмұд Аббас БҰҰ-ға мүшелікке өтінімді оның Бас хатшысы Пан Ги Мунға берді. Бүгін басталған бұл мәселені қарау үдерісі бірнеше аптаға созылуы мүмкін. Содан кейін Қауіпсіздік Кеңесінде осы мәселе бойынша дауыс беру өтеді, оның нәтижесі БҰҰ Бас Ассамблеясының Палестина бойынша шешімінің негізіне алынады.

Соңғы жаңалықтар