БҰҰ: Сириядағы жағдай реттелмесе, босқындардың саны екі немесе үш есе артуы мүмкін

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Биыл Сириядағы қақтығыстар тоқтамаса, елден қашқан босқындардың саны екі немесе үш есеге дейін өсуі мүмкін. Бұл жайында БҰҰ-ның босқындар жөніндегі жоғарғы комиссары Антониу Гутерреш мәлімдеді.
None
None

muslim.kz сайтының жазуынша, Түркияға жасаған іс-сапары барысында Гутерреш аталған проблеманың ауқымы жайында сөз қозғады. Оның айтуынша, Сириядағы қантөгіс ары қарай жалғаса берсе, Таяу Шығыс елдерінде нағыз әлеуметтік «жарылыс» орнайтын көрінеді.

БҰҰ мәліметі бойынша, соңғы екі жылда Сириядағы қақтығыстардан 70 мыңға жуық адам көз жұмған. Тағы миллионнан астам азамат бас сауғалап, шекара асып кеткен екен. Гутерреш осыған орай әлемдік қауымдастықты Түркия, Ливан, Иордания елдеріне қолұшын созуға шақырды. Өйткені, сириялық босқындардың негізгі бөлігі аталған мемлекеттерге қоныс аударуда.

Сондай-ақ, Грекия билігі де Сириядағы босқындардың ел ауғамына өтіп, одан ары Еуроодақ елдеріне тарауы мүмкін екендігін айтып, алаңдаушылығын білдірді.

Соңғы жаңалықтар