БҰҰ: Сириялық босқындардың саны 2 миллионға жетті
АСТАНА. 3 қыркүйек. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің мәліметінше, Сириядағы қақтығыстардың салдарынан елді тастап кетуге мәжбүр болғандардың саны 2 миллионға жетті. Соңғы жарты жылда босқындар саны екі есеге өскен. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.
Азаматтық соғыстан бас сауғалаған тағы 5 миллион адам мемлекеттің өзге аумақтарына көшіп кеткен.
Жалпы алғанда халықтың үштен біріне жуығы өздерінің үйлерін тастап отыр. Белгілі болғандай босқындардың көбісір нашар жағдайда өмір сүруде.