БҰҰ: Сирияның Дарайя қаласындағы жағдай ушығып тұр
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ гуманитарлық мәселелер бойынша өкілдері үкіметтік әскер қоршап алған сириялық Дарайя қаласындағы жағдайдың ушығып тұрғанын мәлімдеді.
Атап айтқанда, БҰҰ гуманитарлық мәселелерді үйлестіру бойынша басқарма басшысы Стивен О'Брайен Женевада сөйлеген сөзінде үш жыл қоршауда болған қалада тағам, су, дәрі-дәрмектер тапшылығы өткір мәселеге айналғанын атап өтті.
Алдын ала деректер бойынша, қалада қазір төрт мыңдай адам бар, соңғы рет ол жерге гуманитарлық көмек 2012 жылғы қарашада жеткізілген.
БҰҰ деректеріне сәйкес, Сирияның қоршаудағы түрлі аудандарында 500 мыңға жуық адам бар.