Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

БҰҰ Сирияның солтүстігіндегі қақтығыстарға байланысты 66 мың адамды көшірген

АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ деректеріне сәйкес Сирияның солтүстігіндегі «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының содырларымен соғыс әрекеттеріне байланысты 66 мың адам көшірілген, деп хабарлады kommersant.ru.

БҰҰ Сирияның солтүстігіндегі қақтығыстарға байланысты 66 мың адамды көшірген

«Оның 40 мыңы Эль-Бабтан Тадефке, 26 мың адам Эль-Бабтың шығысына көшірілді», - делінген БҰҰ гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының мәлімдемесінде.

Еске салсақ, ақпанда Түркия Қарулы Күштерінің бас штабының бастығы Хулуси Акар «Ислам мемлекеті» ұйымының негізгі орындарының бірі саналатын Эль-Бабаны басып алу операциясы аяқталғанын хабарлаған. Соңғы айларда қаланы азат етуге сириялық оппозиция күші мен түрік әскерлері жіберілген.