БҰҰ Солтүстік Кореядағы қылмыстарға жаза талап етпек

АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Солтүстік Кореядағы адам құқын бұзу бойынша ауқымды тергеудің нәтижесін жариялауға дайындалып жатыр. Сонымен қатар ұйым аталған мемлекеттің тарапына халыққа жүйелі түрде қысым жасағаны үшін жазаны талап етпек.

БҰҰ Солтүстік Кореядағы қылмыстарға жаза талап етпек

БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесінің бір топ сарапшыларынің мәлімдеуінше, КХДР азаматтары айтып жеткізуге болмайтын қиыншылықты бастарынан өткеруде.

Сарапшылардың айтуынша, осы елдегі азаптау мен зорлық-зомбылықтың, құлдықтың, саяси қуғын-сүргіннің және басқа да қылмыстардың айғақтары бар.

Осы орайда БҰҰ анықталған қылмыстарды халықаралық сот тергеуіне дейін жеткізуге талпынбақ.

Белгілі болғандай, осы баяндамада Солтүстік Кореядағы ахуал егжей-тегжейлі қамтылған екен.