08:47, 27 Мамыр 2009 | GMT +5
БҰҰ Солтүстік Кореяның ядролық сынағына санкциямен жауап береді
НЬЮ-ЙОРК. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Солтүстік Кореяның ядролық сынағына байланысты қабылдаған қарары санкциялық мазмұнда болады.
Бұл туралы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері - «бестік» елдері (РФ, АҚШ Қытай, Ұлыбритания, Франция) мен Жапония және Оңтүстік Корея делегацияларының қатысуымен өткен консультацияның бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша БҰҰ-дағы дипломатиялық дереккөздердің бірі хабарлады. «Кездесуде санкциялық қарардың түрлі нұсқалары талқыланды», дейді ол. Дүйсенбі күні Солтүстік Кореяның жерасты ядролық сынағын өткізгенін бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз. Ресейлік әскерилердің бағалауынша, ядролық зарядтың қуаты тротилмен есептегенде 20 килотоннаның шамасын құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.