БҰҰ: Соңғы 10 жылда температура рекордтар орнатуда

АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - 21 ғасырдың бірінші онжылдығында температуралық рекордтар көптеп байқалды, деп хабарлайды БҰҰ-ның Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымы.
None
None

Баяндамада белгілі болғандай, жаңа ғасырдың алғашқы он жылы климаттық байқау тарихында, яғни 1850 жылдан бері ең жылы кезең ретінде тіркелді.

ВВС-дің жазуынша, сонымен қатар соңғы кездері күннің өтуінен өлім-жітім деңгейі де артқан көрінеді. Әсіресе, ол 2003 және 2010 жылдары Еуропада жаз айларында айрықша ыстық кездерде арта түсті.

Метеорологтардың ескертуіне қарағанда, сәрсенбіде Калифорнияның Өлім алқабында тарихтағы ең жоғары температура тіркелуі мүмкін.

Бұған қоса, 21 ғасырдың бірінші онжылдығы 1901 жылдан бері ылғалдылық деңгейі бойынша екінші орында тұр. Абырой болғанда халыққа хабар жеткізу жүйесінің жақсаруына орай, су тасқыны салдарынан құрбан болатындар саны төмендеді.

БҰҰ-ның пайымынша, Жердің климаты өзгеруін жалғастыруына байланысты ескерту жүйесін тұрақты түрде дамытып отыру керек.

Соңғы жаңалықтар