БҰҰ: СОР28 құжатының жаңа жобасы қазба отыннан бас тартуды көздейді
12 желтоқсанда БҰҰ климат бойынша конференциясы аяқталады. Дубайдағы СОР28 климаттық саммитінің қатысушылары қазба отыннан бас тартуға қатысты дауласып жатыр. Тараптар нақты шешімге келе алмай отыр, деп хабарлайды Kazinform.
Құжат мәтініне, әсіресе, Сауд Арабиясының наразылығы көп. БҰҰ климат өзгерісі бойынша негіздемелік конвенциясының атқарушы хатшысы Саймон Стил келісімді бұғаттау тәсілін тоқтатуға шақырды.
Олар талқыланатын нұсқалар саны айтарлықтай қысқарғанын атап өтті.
Саймон Стил, БҰҰ КӨНК атқарушы хатшысы: «Қазір біз бұл жерге екі мәселені талқылауға жиналдық. Біріншіден, климат өзгеру салдарын жұмсартуға қаншалықты қауқарлымыз, екіншіден, оны жүзеге асыруға дайынбыз ба?»
Сауд Арабиясы мен Ирак келісім мәтініне көмір, мұнай мен газ пайдаланудан бас тартуды қосуға қарсы.
ЕО өкілдері соңына дейін Конвенция қазба отыннан кезең-кезеңімен бас тарту туралы келісіммен аяқталуы үшін барын салады.
«Қалдықтар көбейе берсе ғаламшар қайнап кетеді. Сол үшін осында жиналдық. Оның алдын алуымыз керек», - дейді ЕО-ның климат өзгерісі мәселелері бойынша комиссары Вопке Хукстра.
СОР28 климаттық саммиті сейсенбі аяқталады. Келісімді қабылдауға аз уақыт қалды. Егер конференцияға мүше елдер қазба отыннан кезең-кезеңімен бас тарту туралы немесе мұнай, көмір мен газ пайдалануды біртіндеп қысқарту туралы келіссе, бұл тарихи сәт болмақ.