БҰҰ: Таяу Шығыстағы қақтығыстар туризм өсімін баяулатты

АСТАНА. KAZINFORM — БҰҰ Туризм ұйымы 2026 жылы әлем бойынша халықаралық туристер санының өсімі жөніндегі болжамын бұрынғы 3–4 пайыздан 1–2 пайызға дейін төмендетті.

Авианосец США пришвартовался после рекордных 250 дней в море: в Паттайе рассчитывают на рост туризма
Фото: BBC/Lulu Luo

Ұйым 17 қыркүйекте жариялаған «Әлемдік туризм барометрінің» жаңа шығарылымында биылғы жылдың алғашқы жартысында халықаралық туристер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда небәрі 0,4 пайызға өскені айтылған.

Есепке сәйкес, қаңтар–маусым айларында шамамен 690 млн адам халықаралық сапарға шыққан. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен 3 млн адамға көп.

Бірінші тоқсанда халықаралық туристер саны 2 пайызға артса, екінші тоқсанда 1 пайызға төмендеген. Ал маусым айында бұл көрсеткіш жылдық есеппен 3 пайызға азайды.

Таяу Шығыстағы қақтығыстардың тікелей әсерінен өңірге келген халықаралық туристер саны жылдың алғашқы алты айында 22 пайызға қысқарды.

БҰҰ Туризм ұйымының бас хатшысы Шайха Нассер әл-Нувайс соңғы деректер туризм саласындағы өсімнің толық тоқтамағанын, алайда оның әлі де тұрақсыз екенін көрсететінін атап өтті.

- Таяу Шығыстағы жағдайдың әсері өңірден тыс туристік бағыттарға да сезіле бастады, — деді ол.

Ұйымның болжамынша, жоғары бағалар мен жаһандық белгісіздік жағдайында халықаралық туристер шығын мен сапа арақатынасына көбірек мән беріп, жақын бағыттарды немесе ішкі туризмді жиі таңдайды.

Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылдың сегіз айында Антальяға барған туристер саны 6%-ға азайып, өңірдің туризм саласындағы шығын жүздеген миллион еуроға бағаланғаны хабарланған еді.