БҰҰ: Темекіні жай қораппен сату оған сұранысты азайтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ темекімен күресті күшейтуді, оның қорабында белгі, темекі маркасы және жарнаманы пайдалануға тыйым салуды ұсынды. Темекісіз әлем күніне орай осындай мәлімдеме жасалды.
None
None

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сарапшыларының пікірінше, бірқатар елдердің темекіні жай қораппен сатуға көшуі темекі өнімдеріне сұранысты азайтқан.

ДДСҰ барлық елдерге темекі қорабында тек қара әріппен ғана тауар белгісі мен өнім атауын жазуға көшуді ұсынады.

2012 жылдың осңында Австралия бірінші болып жай қорапқа толығымен көшті. Соңғы жылдары елде темекі шегетіндердің саны тұрақты түрде азайып келеді. 20 мамырдан бастап Франция мен Ұлыбритания әдемі қораптарға тыйым салатынын мәлім етті.

«Қарапайым қорап темекінің тартымдылығын азайтады. Ол адам денсаулығына кері әсер ететін темекінің тартымдылығын жояды», деп мәлім етті ДДСҰ Бас директоры Маргарет Чань.

Темекі салдарынан адам денсаулығына төнетін қауіп денсаулық сақтау саласындағы ең ауқымды қатерлердің бірі. Әрбір алты секунд сайын әлемде осындай аурудан бір адам өледі. Бұл жылына алты миллион өлімге дейін жетеді. Егер қатаң шаралар қолға алынбаса 2030 жылдары бьұл көрсеткіш сегіз миллионға жетуі мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар