БҰҰ: Трипольдан 100 мыңға жуық адам қашқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы үш аптада Ливияның астанасы Триполь маңындағы ұзаққа созылған қарулы қақтығыстан кейін 100 мыңға жуық адам өз үйлерін тастап, қашуға мәжбүр болды, деп хабарлады БҰҰ-ның босқындар ісі бойынша жоғарғы комиссарының өкілі.

БҰҰ: Трипольдан 100 мыңға жуық адам қашқан

Барлығы елде 280 мыңнан астам босқын бар.

Ливияда түрлі топтардың өз іштерінде және билік күшімен арада кескілескен ұрыстар жалғасуда.

Топтар арасындағы қаруланған бәсекелестік осыдан үш жыл бұрын полковник Муаммар Каддафи режімі құлағаннан кейін басталды.