БҰҰ UNRWA агенттігінің жұмысын тексеретін комиссия тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM - БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш БҰҰ-ның палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмысты ұйымдастыру жөніндегі агенттігінің (UNRWA, БАПОР) қызметін бағалау үшін тәуелсіз комиссия құрылғанын хабарлады.

Топты Францияның бұрынғы сыртқы істер министрі Кэтрин Колонна басқарады, делінген БҰҰ Бас хатшысының әлеуметтік желідегі парақшасында.
Көмек көрсету агенттігі Израильдің 7 қазанда ХАМАС-тың Израильге жасаған шабуылдарына оның 12 қызметкерінің қатысы бар деп айыптауына байланысты сынға ұшырады.
Осыдан кейін АҚШ, Германия, Ұлыбритания және Швецияны қоса алғанда, оннан астам ел агенттікті қаржыландыруды тоқтатты.
"Тәуелсіз комиссияны Францияның бұрынғы сыртқы істер министрі Кэтрин Колонна басқарады және ол үш еуропалық зерттеу ұйымымен жұмыс істейді" делінген БҰҰ мәлімдемесінде.
Тәуелсіз бағалау бойынша жұмыс істейтін еуропалық зерттеу топтары: Швециядағы Рауль Валленберг институты, Норвегиядағы Хра Михельсен атындағы институт және Данияның адам құқықтары институты.
Тергеудің мақсаты – «агенттік бейтараптықты қамтамасыз ету үшін қолынан келгеннің барлығын жасап жатқанын бағалау және ауыр бұзушылықтар туралы мәлімдемелерге жауап беру».
Комиссия наурыздың соңында Гутеррешке аралық есеп және сәуірдің соңында қорытынды есеп беруі тиіс.