БҰҰ Венесуэладағы жағдайға алаңдаулы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымы Венесуэланы жайлаған тәртіпсіздіктерге қатысты алаңдаушылық білдіріп отыр, деп хабарлайды 24.kz.

БҰҰ Венесуэладағы жағдайға алаңдаулы

Халықаралық қауымдастық өкілдері жергілікті билік пен оппозицияны диалог жүргізу арқылы бір мәмілеге келуге шақырды.

«БҰҰ Венесуэлада жаңа қақтығыстар туындауы мүмкін деп қауіптеніп отыр. Мұндай жағдайды болдырмау үшін үкімет пен оппозиция билік тармақтары арасында өкілеттікті бөлу, адам құқықтары мен елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалға қатысты келіссөздер жүргізуі қажет»,-дейді БҰҰ Бас хатшысының баспасөз қызметінің жетекшісі Стефан Дюжаррик.

Жоғарғы сот - елдегі заң шығарушы орган ұлттық ассамблеяның билігін шектеу туралы шешімді сәуірдің басында қабылдаған болатын. Алайда артынша оны кері қайтарып алғанымен, Венесуэлада жаппай ереуілдер толас таппады. Көп жағдайда наразылық шарасы полицейлермен қақтығысқа ұласып жатыр.

Соңғы екі күн ішінде тәртіпсіздіктерге байланысты 585 адам қамауға алынған. Сондай-ақ, 3 адам қаза тауып, 220-дан астамы жараланды. Елдегі ахуалдың ушыға түсуіне байланысты бұған дейін президент Николас Мадуро қарулы күштерді жоғары дайындық жағдайына көшіруге бұйрық берді.