БҰҰ: Йемен алапат ашаршылық алдында тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Йемендегі әскери шиеленіс заманауи әлемдегі ең ірі ашаршылыққа әкеп соғуы мүмкін. Бұл туралы БҰҰ төтенше көмек көрсету үйлестірушісі Стивен О'Брайе мәлім етті, деп хабарлайды BBC.

БҰҰ: Йемен алапат ашаршылық алдында тұр

Шенеуніктің айтуынша, Йеменнің 10 миллионға жуық халқы азық-түлік тапшылығын бастан өткеруде, оның көпшілігі аштықтан өлу қаупі алдында тұр. Солардың 2,2 миллионы - балалар.

«Қарулы қақтығыс ушыға түсуде. Елде күн сайын авиациялық бомбалау мен қарулы қақтығыстар орын алуда», - деп мәлімдеді О'Брайен.