08:02, 03 Сәуір 2015 | GMT +5
БҰҰ: Йеменде екі аптаның ішінде 500-ден астам адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер бойынша орынбасары Валери Амос соңғы екі аптаның ішінде Йеменде 500-ден астам аданың қаза тапқаны туралы хабарлады, деп жазады Associated Press.

Амостың мәлімдемесінде айтылғандай, осы кезеңде 519 адам әскери іс-қимылдардың құрбаны болып, тағы 1,7 мың адам жарақаттар алды. Бұдан басқа, қаза тапқандардың арасында 90 бала болды.
Сондай-ақ Бүкіләлемдік ұйымның бас хатшысы орынбасарының ақпаратынша, ондаған мың адам өз үйлерінен кетуге мәжбүр болған.