БҰҰ: Йемендегі соғысты тоқтатудың алғашқы қадамы жасалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Йеменде бітімге келу туралы екі айлық келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтарына сілтеме жасап.

БҰҰ: Йемендегі соғысты тоқтатудың алғашқы қадамы жасалды

Нью-Йорктегі журналистер алдында сөз сөйлеген БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Йемендегі арнайы елші Ханс Грундбергке алғыс айтып, Йемен Үкіметіне, Сауд Арабиясы мен хуситтер бастаған коалицияға ризашылық білдірді.

«Бұл бітім Йемендегі жойқын соғысты тоқтатудың алғашқы қадамы болуы керек», – деп мәлімдеді Бас хатшы.
Жеті жылдан астам уақыт бойы Йемен Сауд Арабиясы бастаған үкіметшіл коалиция мен хуситтердің бүлікші құрылымдары арасындағы қарулы қақтығыс алаңы болды. Тараптар Йемен ішіндегі және оның шекараларына жақын жердегі барлық шабуылдау әуе, жер үсті және теңіз операцияларын тоқтатуға келісті. Сондай-ақ, олар отыны бар кемелерді Ходейд портына тоқтатуға, ал коммерциялық рейстерді Сана әуежайынан орындауға уағдаласты.
Бітім тараптардың келісімімен екі айдан соң тағы ұзартылуы мүмкін.