БҰҰ жеке ақпаратқа құқықтарды қорғау туралы қарарды қабылдады

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның Бас ассамблеясы ұйымға мүше барлық елдерді интернет және басқа электронды коммуникациялардың түрлерін пайдаланушылар үшін жеке ақпаратқа құқықты қорғауға кепілдік беруге шақыратын қарарды қабылдады.

БҰҰ жеке ақпаратқа құқықтарды қорғау туралы қарарды қабылдады

Бразилия мен Германия ұсынған қарар АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігі айналасындағы дау-дамайдан кейін пайда болды. Аталған арнайы қызметке қатысты миллиондаған телефон қоңырауларына, оның ішінде мемлекет басшыларына телефон байланыстарына тыңшылық жасады деген айыптар айтылған болатын.

ВВС-дің жазуынша, дүйсенбіде АҚШ-тың федералдық соты ҰҚА жүзеге асырған телефон байланыстарын жаппай тыңдау бағдарламасы конституцияға қайшы екенін қаулы етті.

Федералды округтік судья Ричард Леонның айтуынша, агенттіктің тәжірибесі азаматтардың жеке өміріне заңсыз араласу болып табылады.