БҰҰ: «ЖИТС» індетімен күресу үшін жылына 26 млрд доллар қажет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемде Жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромынан (ЖИТС) құтылу үшін жылына 26 млрд. доллар қажет, деп мәлімдеді БҰҰ ЖИТС бойынша бірлскен бағдарлама (UNAIDS) директоры Луис Лурес Мәскеуде өтіп жатқан АҚТВ бойынша 5-ші халықаралық конференцияда. Бұл туралы «ВВС» агенттігі хабарлады.

БҰҰ: «ЖИТС» індетімен күресу үшін жылына 26 млрд доллар қажет

«Мен ЖИТС жұқтырғандарды емдеумен 1980-ші жылдардан бері айналысып келемін. Осы дерттен құтыламыз деген сөздің салмағын мен жақсы білемін», - деді Л.Лурес.

1987 жылдан бері әлемде аталған дерттен 34 млн адам көз жұмды.