Бұйратауда бір топ арқар фототұзаққа түсіп қалды
АСТАНА. KAZINFORM – Бұйратаудың айбынды тұрғындары фототұзаққа түсті.
«Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орнатылған фототұзақ бір топ арқардың табиғи ортадағы тіршілігін бейнеге түсірді.
Күзгі орман, жапырақ басқан тау беткейі және алып мүйізді арқарлар… Табиғаттың өзі жасаған ерекше көрініс.
Арқар — Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, еліміздің жануарлар дүниесінің айрықша өкілдерінің бірі.
Осындай бейнежазбалар мамандарға арқарлардың табиғи ортадағы мінез-құлқын, қозғалысын және белсенділігін зерттеуге мүмкіндік береді.