БҰЗҚ салымшыларға жоғары табыстылық пен екі еселенген қорғанышты қамтамасыз етеді - Қ.Келімбетов

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Мемлекеттік институттардың басқаруымен Бірыңғай ұлттық зейнетақы қорын құру қазақстандық салымшыларға екі еселенген қорғаныш пен жоғары табыстылықты қамтамасыз етеді,
None
None

деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов.

«МҰЗҚ-ның негізінде Бірыңғай ұлттық зейнетақы қоры (БҰЗҚ) құрылады. Ол Қаржы министрлігі түрінде Үкіметтің меншігінде болады, сосын Ұлттық банкке беріледі. Яғни, активтер мен БҰЗҚ-ның өзі соның басқаруында болады... Ұлттық банк басқарса, екі еселенген бақылау жүйесі қамтамасыз етіледі деген сөз, салымшылардың ақшалары сенімді сақталып, сонымен қатар жоғары табыстылыққа ие болады. Онымен мемлекет өзі тікелей айналысады», - деді Қайрат Келімбетов «Время» газетіне берген сұхбатында.
ҚР Премьер-Министрі ресми сайтының хабарлауынша, вице-премьер БҰЗҚ активтерінің бір бөлігін шетелдік құнды қағаздарға салуға болатынын, бұл тұрғыдан Ұлттық банк құзіреті күмән келтірмейтінін айтқан.
Сонымен қатар, Ұлттық банк тендер өткізеді және бұрын БҰЗҚ-ын иеленген компаниялардың кейбіреулері ЗАБК - зейнетақы активтерін басқару бойынша компания болуға мүмкіндік алады. Ал, өзге жағдайда олар жұмыс әдісін ерікті қорларға өзгерте алады немесе жойылатын болады.

Оған қоса, Қ.Келімбетов зейнетақы қаражаттарын сақтау мен көбейтуді кәсіби мамандар жүргізетінін атап өтті. Оның айтуынша, БҰЗҚ-ын құру мәселесі бір жарым жыл бойы Дүниежүзілік банк пен Қаржыгерлер қауымдастығымен бірлесіп қарастырылған .

Соңғы жаңалықтар