17:32, 13 Наурыз 2013 | GMT +5
Былғары қолғап шеберлері Чехияда
АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Чехияның Усти-над-Лабем қаласында бокстан "Гран При" бәсекесі өтеді. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, alasharena.kz хабарлайды.

Сайттың мәліметінше, 16 наурызға дейін созылатын турнирде ел намысын бірінші нөмірлі спортшылар қорғайды.
Олар:
52 келі - Ілияс Сүлейменов
56 келі - Қайрат Ерәлиев
69 келі - Данияр Елеусінов
81 келі - Әділбек Ниязымбетов
+91 келі - Иван Дычко