Былтыр 14 жасқа дейінгілер арасында 19 АҚТҚ жұқпасын тасымалдаушылар саны анықталды
АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Анықталған АҚТҚ-жұқпасын тасымалдаушылардың саны 2011 жылы 1989 оқиғаны құрады.
Бұл көрсеткіш 2010 жылы 1969 тасымалдаушыларды көрсеткен болатын. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 19 АҚТҚ-жұқпасын тасымалдаушылар саны анықталды. 2010 жылы бұл көрсеткіш 91 тасымалдаушы болатын. Бұл туралы Статистика агенттігінен хабарланды.
Сонымен қатар, республикалық СЭС-тің деректері бойынша 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2010 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда қызылшамен (31,7 есеге), қызамықпен (14,6 есеге), менингококк жұқпасымен (5,1 пайыз) ауырғандар санының өскені байқалды.
Ағымдағы жылғы қарастырылып отырған кезеңде тіркелген жұқпалы аурулардың арасында аса кең тарағаны жоғары тыныс жолдарының өткір жұқпасы (100 мың адамға шаққанда 7170 оқиға), ішектің өткір жұқпасы (113,2), тыныс органдарының туберкулезі (74,9), мерез (31,9), вирустық гепатит (16,3), битшеңдік (9,6) және қышыма (8,5) болды.