Былтыр адам саудасына қатысы бар 14 кісі сотталған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Былтыр Қазақстанда адам саудасына қатысы бар 14 кісі сотталған. Бұл туралы ҚазАқпарат Finprom.kz ресурсына сілтеме жасап хабарлайды.
None

«Ішкі істер министрлігінің дерегі бойынша, Қазақстанда жыл сайын «адам саудасы» санатымен сотқа дейінгі 100 тергеу тіркеліп отыр. 2019-2022 жылдары 131 адам жыныстық құлдық құрбанына айналған. Бірақ, соның ішінде сотқа дейін жететін істер санаулы. Қазақстандағы адам саудасының ресми статистика мен халықаралық есептердің мәліметтерінде айырмашылық бар», - деп жазады аналитикалық портал.

Жаһандық ауқымда алсақ, әрбір 10 мың адамның ішінде 54-і адам саудасының құрбанына айналады.

«Өңірлерге бөлсек, құлдық ең көп таралған аймақ – Африка болып тұр. 10 мың адамға 76 құрбаннан келеді. Одан кейінгі орында – Азия-Тынық мұхит елдері, 10 мың адамға 61 құрбан. Еуропа мен Орталық Азияда бұл көрсеткіш – 10 мың адамға 39 құрбан. Оның ішінде Қазақстанда 10 мың адамға 42 құрбаннан келеді», - деп жазады Finprom.kz.


Соңғы жаңалықтар