Былтыр Әділет министрлігі халыққа құқықтық көмек көрсетуге 881 млн. теңге жұмсады

АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат - 2012 жылы тек Әділет министрлігінде республикалық бюджеттен халыққа құқықтық көмек көрсетуге 881 млн. 148 мың теңге жұмсалды.
None
None

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің спикер Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен отырысында «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» заң жобасы жөнінде баяндаған министр Берік Имашев мәлім етті.

Әділет министрінің пайымынша, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін субъектілердің ашықтығынан қалыптасады. Бұл олардың қоғам мен мемлекет алдында қолжетімділігі мен есептілігін білдіреді. Осыған орай, заң жобасында адвокаттардың, адвокаттар алқасының аумақтық әділет органдарының алдындағы есептілігі, сондай-ақ «Интернет» желісінде сайтта мемлекеттік заң көмегі жүйесіне қатысушы адвокаттардың тізімін орналастыру көзделеді.

«Бүгінгі күні құқықтық ақпараттандыру және консультация беру халыққа мемлекеттің құқықтық көмек көрсетудің ең кең тараған тәсілі болып қалатынын атап өту керек. Мемлекет оны іске асыруға үлкен қаржы қаражатын бөлуде. Мәселен, 2012 жылы тек Әділет министрлігіне ғана республикалық бюджеттен халыққа көмек көрсетуге, құқықтық ақпараттандыру және консультация беруге 881 млн. 148 мың теңге көзделген. Атап айтқанда, 500 млн. теңге «Әділет» дерекқорының тегін жұмыс істеуіне, «Құқықтық насихат» бағдарламасына - 80 млн.теңге, Құқықтық ақпарат қызметі- Call-орталыққа - 47 млн. теңге дерлік және тағы басқалары», - деді министр. Оның айтуынша, жалпы құқықтық көмек пен құқықтық насихатты ұйымдастыру бойынша жұмыс 2012-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру жөніндегі кешенді жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар