Былтыр Алматы облысында 35,7 мың адам жұмыспен қамтылған

Аталған басқарманың басшысы Қаныбек Айтжановтың айтуынша, 2015 жылға арналған кешенді жоспарға сәйкес нысаналы топқа жататын 27,7 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Биылғы жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша бағдарламамен 35,7 мың адам жұмыспен қамтылған.
«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» шеңберінде үш бағыт бойынша 3536,4 млн. теңге бөлініп, жыл қорытындысы бойынша 1733,7 млн теңге игерілді. Сондай-ақ, кәсіптік оқыту, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу, шағын несие алуға үміткерлерді кәсіпкерлік негіздеріне оқыту сияқты бірқатар мәселелердің атқарылу барысы айтылды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде облыста жұмыссыздық 4,7% деңгейінде. Сонымен қатар әлеуметтік көмек мәселесі де назардан тыс қалмады.
Жиын барысында Қапшағай қаласының жұмыспен қамту ісі аса салғырт қарағаны қатты сынға алынып, облыс әкімінің бірінші орынбасары Махаббат Бигелдиев қызметтік міндетін тиісті деңгейде орындамаған жұмыспен қамту ісінің қызметкеріне тиісті шара қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар жиынды қорытындылай келе, жұмыссыздық деңгейі әлі де жоғары күйінде қалып отырған аудан, қалаларда істі ширату керектігін айтты.