Былтыр әскери кемелеріміз 3,5 мыңнан астам жуық оқу-жаттығуды пысықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінде 2016 жылдың қорытындысы шығарылды. Оқу-жауынгерлік қызметтің талдауы жауынгерлік даярлықтың қарқындылығы 25,5%-ға және әскери корабльдердің жүзіп өтуі 35,4%-ға ұлғайғанын көрсетті, деп хабарлайды Қорғансы министрлігінің баспасөз қызметі.

Былтыр әскери кемелеріміз 3,5 мыңнан астам жуық оқу-жаттығуды пысықтады

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысыныңі ақпараты бойынша өткен жылы барлығы 3 600-ге жуық корабльді оқу-жаттығу өткізілді. 2015 жылы олардың саны 2 600 болған. Корабльдер 240-тан астам тәулік жүзген. Әскери теңізшілер теңізде шамамен 5 800 сағат өткізді. Жалпы алғанда, 2016 жылы әскери теңізшілер 30 мыңнан аса миль жүзді.

Жедел дайындық шеңберінде Әскери-теңіз күштері бір жыл бойы оның ішінде, Ақтау Ақтау гарнизонының әскери бөлімдерін, сондай-ақ, өзге де әскер түрлері мен әскер тектерінің құрамынан жедел топтарды тарта отырып, жедел-тактикалық жиындар, командалық-штабтық жаттықтырулар, командалық-штабтық және тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізді.

Жауынгерлік даярлықта қару-жарақ пен әскери техниканы қолдану дағдыларын жетілдіруге, бөлімшелер мен корабльдердің үйлесімділігіне жіті назар аударылды.  Қазақстан ӘТК әскери корабльдерінің экипаждары корабльді ұйымдастыру мен оны ұрыс пен жорыққа дайындау, жеке дара корабльдің жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуі үш курстық тапсырманы пысықтады.  Курстық тапсырмаларды пысықтаудың ерекшелігі жауынгерлік даярлық бағдарламаларына Армия халықаралық ойындарына қатысу үшін теңіз биатлоны элементтерінің енгізілуі болды. Бір сөзбен айтқанда, «Орал» зымыран-артиллериялық кораблі «Каспий теңізі - 2016» байқауында екінші орынды еншілеп, 2015 жылғы Армия халықаралық ойындарында «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық кораблінің сәтті шыққан дебютін қайталады.

2016 жылы Ақтауда әскери корабльдер мен кемелердің тұрақтауына арналған алғашқы пирс ашылды. Жеке меншік тұрақтау пункті әскери теңізшілерге Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы ықтимал қауіп-қатерлерге тиімді әрі уақтылы ден қойып  және қажет болған жағдайда корабльдердің шоғырлану аудандарына шығуды жедел жүзеге асырып қана қоймай, сонымен бірге, материалдық-техникалық қамтамасыз етудің барлық түрлерімен қамтамасыз ету және жеткізіп беруді ууақтылы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 

Әскери-теңіз күштерінің әскери-техникалық құрамдасы да назардан тыс қалған жоқ. Оралда отандық «Зенит» зауытында құрастырылған арнайы мақсаттағы бөлімшелерге арналған алғашқы арнайы катер суға түсірілді. База су айдыны, кемежай, кеме жолы мен Каспийдің жаға маңындағы бөлігінде минаға қарсы қорғанысты қамтамасыз ету үшін жарақтандыруға «Алатау» мина-тартқыш кораблі келіп түсті. Ал Каспий теңізінің суасты су айдынын, сүңгуірлердің жаттықтыру керек-жарағын күзету үшін тұңғыш рет Әскери-теңіз күштеріне «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ қазақстандық кәсіпорнында дайындалған мобильді сүңгуір кешені жеткізілді. Аталмыш кешен КАМАЗ автомобильдерінің базасында орналастырылды. Оның құрамына сүңгуірлік түсулерді қамтамасыз ету құралдары бар модуль, ашық және тұйықталған үлгідегі тыныс алу аппараттары және теңізде жұмыс жасауға арналған жылдам жүзетін қайықтар кіреді.