Былтыр астық экспортынан Қазақстан 1 млрд. доллардан астам кіріс келтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2013 жылы астық экспортынан Қазақстан 1,2 млрд. доллар кіріс келтірді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ коммерциялық директоры - басқарушы директоры Нұрбек Дайырбеков мәлім етті.
None
None

«Жалпы бидай экспортынан жиынтық табыс соңғы 4 жылда 2,5 есеге жуық көрсеткішке өсті. Бүгінде статистикалық мәліметтерге қарағанда, 2013 жылы бидай экспортынан жалпы жиынтық табыс 1,2 миллиард долларды құрады. Мәселен, 2009 жылы экспорттан түскен пайда 600 миллион долларға тарта қаржыға жеткен болатын», - деді Н. Дайырбеков.

Сонымен қатар ол Ресей жағы 2000 жылдардың аяғында қазақстандық астықты алуды тоқтатқанын, алайда Кеден одағы құрылғалы Ресей тарапы соңғы екі жылда қазақстандық бидайдың импортын арттырып отырғандығын жеткізді.

«Ресей Қазақстанның астық нарығындағы маңызды қатысушыларының біріне айналып келеді. Егер 2009-2010 маркетингі жылдары бидайдың жалпы импорты жыл сайын 100 мың тоннаны құраса, ал ағымдағы және өткен маркетингті жылдарында импорт көлемі миллион тоннадан асып түсті. Бұл өз кезегінде КО бүгінде тиісті деңгейде жұмыс істеп жатқандығын, тауарларды кіргізу мен әкімшілік кедергілер жеңілдетілгенін байқатып отыр», - деп түйді Н. Дайырбеков.

Соңғы жаңалықтар