Былтыр елімізде 6,5 млн. шаршыметр тұрғын үй пайдалануға берілді
АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - 2001 жылы қаржыландырудың барлық көздері бойынша тұрғын үй құрылысына 417,1 млрд. теңге жұмсалды.
Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 119,2 пайызды құрайды. Бүгін Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан Үкімет сағатында Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин осылай мәлім етті.
«Сондай-ақ, 2011 жылы 6,5 млн. шаршыметр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 101,9 пайызды құрады. Ал, тұрғын үйді іске қосудың жалпы көлемінің 55 пайызы жеке тұрғын үй құрылысына тиесілі болып отыр және бұл 3,6 млн. шаршыметрді құрайды. Аталған көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда 13 пайызға артық»,-деді С. Нокин.
Агенттік төрағасының айтуынша, 2012 жылғы бюджетке сәйкес ведомствоның шығыстары бойынша бюджеттік бағдарламаларға 238,9 млрд. теңге қарастырылған.