Былтыр елімізде тұрғын үйлерді сатып алу-сату мәмілелер саны 13,7 пайызға азайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 157 833-ті құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

«2014 жылдың желтоқсан айында тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 13 856-ны құрады. Бұл өткен аймен салыстырғанда 6 пайызға жоғары көрсеткіш. Ал 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,7 пайызға азайды», - делінген баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар