Былтыр еліміздегі эконономикалық белсенді халықтың саны - 8 млн. 457 мың адамды құрады
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ә. Смайыловтың сөзіне қарағанда, оның ішінде жұмыс істейтін халықтың саны - 7 млн. 903 мың адамды, жұмыссыздар саны - 554 мың адамды немесе экономикалдық белсенді халық санының 6,6 пайызын құрады. «Жұмысбастылардың 5 млн. 238 мыңы жалдамалы жұмысшылар, ал 2 млн. 664 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар», деді ол.
Оның айтуынша, көптеген дамыған елдердегідей Қазақстанда да жұмысбастылық статистикасы сұрыпталған зерттеулерге құрылған. Еңбек рыногы жөніндегі ақпарат сұрыпталған зерттеудің деректерінен құралады. «Қазақстанда 4 миллионан астам үй шаруашылығы бар, біз 21 мың үй шаруашылығына есеп-қисап жүргіземіз. Бұл жалпы үй шаруашылығының шамамен 0,5 пайызын қамтиды. Бұл әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді. Біз Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарына сәйкес тиісті анкета арқылы сұрақтар қоямыз. Жауаптарға қарай отырып, адам жұмысбасты ма, жоқ па, соны анықтаймыз», деді Ә. Смайылов.
Агенттік төрағасы өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың қатарына жеке кәсіпкерлер, репетиторлар, әртүрлі медициналық, білім беру, жылжымайтын мүлікті жалға беру сипатындағы қызметтер көрсететін адамдар, фермерлер жататынын айтты. Оның сөзіне қарағанда, өзін-өзі жұмыспен қамтитындардың құрылымында ауылшаруашылығындағы қызмет көп бөлігін, 63 пайызды құрайды, Бөлшек сауда саласында 22 пайыз болады, бұларға базарларда, сауда нүктелерінде жұмыс істейтін адамдар жатады. Көлікте 5 пайыз, құрылыста 4 пайыз.
«Жұмыссыздардың қатарына үш негізгі өлшемге сәйкес келетін адамдар жатады. Атап айтқанда біріншіден, ағымдағы кезеңде кіріс келтіретін жұмысы жоқтар, екіншіден, өткен кезеңде тым болмағанда бір рет жұмыс табуға әрекет жасап көргендер, үшіншіден, таяу кезеңде жұмысқа кірісуге дайын адамдар. Адам осы үші өлшемге сәйкес келсе, онда ол жұмыссыз болып саналады», деді ол.