Былтыр елімізден 71 млн. тонна мұнай экспортталды - Мұнай және газ министрі

АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Былтыр Қазақстан мұнайының экспорты 71 млн. тоннаны құрады.
None
None

Бүгін Мәжілісте «Ішкі нарықты мұнаймен және мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету» және  «Қарашығанақ жобасының үлесін мемлекеттің сатып алуы» тақырыптарындағы Үкімет сағаты барысында Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев осылай мәлім етті.

«Былтырғы жылғы мұнай балансына сәйкес, 2011 жылы мұнай өндірудің көлемі 81 млн. тоннаны, ал мұнай импорты 7,1 млн. тоннаны құрады. Бұл ретте отандық мұнай өңдеу зауыттарына барлығын қосқанда 15 млн. тонна мұнай жеткізілді. Оның ішінде 13,7 млн. тонна қазақстандық мұнай зауыттарына жеткізілді. Бұндағы шағын зауыттардың үлесі 1,3 млн. тоннаны құрап отыр», - дейді Сауат Мыңбаев. Министрдің айтуынша, былтырғы жылы қазақстандық мұнай экспортының көлемі 71 млн. тоннаны құрады.

Министрлік мәліметтеріне қарағанда, экспорт бағыттары бойынша  Атырау - Самара - 15427,4 мың тонна (100,6 пайыз) Орынбор ГӨЗ-і (конденсат) - 1211,296 мың тонна (60,3 пайыз), КҚК - 28085,709 мың тонна (98,6 пайыз), Атасу - Алашаңқай - 10694,139 мың тонна (105,9 пайыз), Ақтау теңіз порты арқылы - 7982,702 мың тонна (84,1 пайыз); темір жол арқылы -7655,941 мың тонна (127 пайыз) тасымалданған.

Соңғы жаңалықтар