Былтыр елімізге 93800 қырғыз азаматы келген - Ішкі істер министрі
АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - Былтыр елімізге 93800 қырғыз азаматы келген. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов осылай мәлім етті.
Министрдің айтуынша, ағымдағы жылдың өткен 5 айының ішінде Қазақстанға келген қырғыз азаматтарының саны 38900 адам келген. Ал Қазақстаннан Қырғызстанға барған азаматтардың саны былтыр 2858 адамды құраса, биылғы 5 айдың ішінде олар 1346-ға жетті.
«Былтыр біздің еліміздің аумағында әкімшілік жауапкершілікк тартылған қырғыз азаматтарының саны 12900 болса, биылдың өзінде 2800 адамды құрады. Қазақстанның 72 азаматы былтыр Қырғызстанда әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, былтыр заңаманы бұзғаны үшін Қазақстаннан 833 қырғыз азаматтары шығарылды. Сондай-ақ, былтырғы жылы Қазақстанда қырғыз азаматтары жасаған қылмыстар саны 216-ны құраса, биыл осындай 45 қылмыс орын алды»,-деді Қ. Қасымов.