Былтыр елімізге импортталатын тауарлар бағасы біршама өзгеріске ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы қаңтар-қараша арасында 2014 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда Қазақстан Республикасына экспортталатын тауарларға баға 22,7 пайызға, импортталатын тауаролларға 9,5 пайызға төмендеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен хабарланды.

Былтыр елімізге импортталатын тауарлар бағасы біршама өзгеріске ұшырады

«Жыл басынан бергі кезеңде экспорттық жеткізілімдердің бағасы газ конденсатына - 38,2 пайызға, мұнайға - 36,9 пайыз, түсті және қара металл кендеріне - 32,1 пайыз, көмірге - 31,4 пайыз, қара металдар илегіне - 29,4 пайыз, табиғи газға - 27,7 пайыз, мырышқа - 18,4 пайыз, мысқа - 15,4 пайыз, қорғасынға - 13,7 пайыз, ферроқорытпаларға - 13,3 пайызға төмендеген. Керісінше, алюминийге 5,9 пайызға жоғарылады. Бұдан бөлек, бағаның мақтаға - 15,3 пайызға, астыққа - 14,9 пайызға төмендеуі, олардың жүнге - 33,4 пайызға жоғарылауы тіркелді», - делінген баспасөз баянында.

Сонымен қатар, импорттық өнімдерден көкөністер - 12,4 пайызға, машинар мен жабдықтар 4 пайызға арзандап, темекі - 35,1 пайызға, шарап - 7,8 пайыз, бояулар мен сырлар - 7,1 пайыз, өсімдік майы - 5 пайыз, балық - 3,8 пайыз, жемістер мен жаңғақтар - 2,5 пайызға қымбаттаған.