Былтыр елімізге импортталған Бразилия қанты 2,7 есеге артқан
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2013 жылы Қазақстан Бразилиядан 365,2 мың тонна құрақ немесе қызылша қантын және қатты түрдегі химиялық тұрғыдан таза кристалды қантты 169,8 млн. долларға импорттады. Аталған көрсеткіш 2012 жылға қарағанда 2,7 есеге, ал сомасы жағынан 2,2 есеге артық. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің таратқан мәліметінде қамтылып отыр.
Кеден комитетінің дерегіне қарағанда, былтырғы жылы жалпы Кеден одағы мәліметтерін есепке алмағанда, Қазақстан 216,1 млн. долларды құрайтын 431,2 мың тонна қант импортталған. Бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда мөлшері жағынан 45,6 пайызға, бағасы жағынан 14,3 пайызға артық.
Тоқтала кететін жайт, Қазақстанға қант жеткізушілердің ішінде ең ірі мемлекеттер Украина - 23,7 мың тонна, Әзербайжан - 21,6 мың тонна және Польша - 16,5 мың тонна болып отыр.