Былтыр еңбек өнімділігінің өсуі тұтастай алғанда экономикада - 104,8 пайыз, өнеркәсіпте 102,2 пайызды құрады

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - 2011 жылы еңбек өнімділігінің өсуі тұтастай алғанда экономикада - 104,8 пайыз, өнеркәсіпте 102,2 пайызды құрады.

Былтыр еңбек өнімділігінің өсуі тұтастай алғанда экономикада - 104,8 пайыз, өнеркәсіпте 102,2 пайызды құрады

Бұл туралы бүгін Мәжілісте «2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру барысы» тақырыбында өткен Үкімет сағаты барысында  мәлім болды.

Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің айтуынша,  былтыр еңбек өнімділігінің аса жоғары көрсеткіші металлургия саласында орын алып, бұл 1 адамға шаққанда 87,3 мың долларды құраған. Аталған көрсеткіш нақты көріністе 4,9 пайызға ұлғаюды білдіреді. Ал неғұрлым өсім химия өнеркәсібінде орын алып, бұл 35,6 пайызға жетсе, өзге де металлургиялық емес минералдық өнім өндірісінде 28,4 пайызға, машина жасау саласында 27,2 пайызға тең болған.

Сонымен қоса, тау-кен өндіру өнеркәсібінде еңбек өнімділігі 5,2 пайызға төмендегені байқалса, өңдеуші өнеркәсіпте 111,1 пайызды құрады. «Бұл экономиканың барлық секторлары арасындағы ең жоғарғы көрсеткіштің бірі», - деді Ә. Исекешев.