Былтыр есепке алудан жасырылған 595 қылмыс анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тексерістер барысында 5258 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің 2014 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындысында хабарланған.
Бақылау-қадағалау өкілеттігін жүзеге асыру барысында құқықтық статистика органдары 3491 тексеріс, 30 мыңнан аса салыстыру жүргізді, олар бойынша 356 мыңнан астам бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, олардың негізінде 5258 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды,
«Есепке алудан жасырылған 595 қылмыс анықталып, олар бойынша 437 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 16-сы сотқа жіберілді», - делінген комитет хабарламасында.